Облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті
16 тамызда облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.А.Сақтағановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында кәсіпорын басшыларын шақыра отырып, облыс кәсіпорындарында жалақы бойынша берешекті өтеу және өндірістік жарақаттануды азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды.