Ашық есік күні

Құрметті қала тұрғындары! Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы өзінің қызметімен таныстыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, еңбек заңнамалары бойынша кеңестер беру мақсатында 2024 жылғы 20 маусым күні сағат 10.00-12.00 аралығында «Ашық есік күнін» жариялайды. Осыған сәйкес оқушыларды, студенттерді, түлектерді, ҮЕҰ, БАҚ, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің отбасы мүшелерін және басқа да барлық ниет білдіруші тұлғаларды «Ашық есік күніне» шақырамыз. Мекен-жайымыз: Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19, 7-қабат.