23 маусым мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Басқарма басшысы Қизатов Бақытбек Құрманбекұлы жиын өткізді

23 маусым мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Басқарма басшысы Қизатов Бақытбек Құрманбекұлы жиын өткізді. Қазіргі елдегі COVID-19 бойынша жағдайға байланысты басқарма қызметшілерінің 80 % қашықтықтан жұмыс жасауда, осыған орай жиынға қашықтықтағы қызметкерлер on-line режиминде қатысты.
Мемлекеттік қызметтің дамуына үлес қосқан, мемлекеттік қызмет өтілі 23 жылдан астам Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы Абдулкаримова Нұргүл Назарбекқызы және «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсына қатысып, белсенділік танытқаны үшін тау-кен металлургия саласындағы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы Орынбеков Талғат Орынбекұлы ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша депратаментінің алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Кәрімова Лязат Кәрімқызы және бухгалтерлік есеп, ұйымдастыру-кадрлармен қамтамасыз ету және персоналды басқару бөлімінің басшысы – әдеп жөніндегі уәкіл Касиманова Ботагөз Мейірімқызы әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өз лебіздерін білдіріп сөз сөйледі.