"Өндірістегі қауіпсіздік (жарақаттану)" жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізілді

Бүгін 2023 жылғы 12 сәуірде облыс прокуратурасының бастамасы бойынша облыс прокуроры А.М. Байшулаковтың төрағалығымен, облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаевтың және уәкілетті мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қатысуымен «Тау-кен металлургия саласындағы өндірістегі қауіпсіздік (жарақаттану)» жобасын іске асыру жөніндегі кеңес өткізілді.
Кеңес барысында ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.К. Қизатов өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ осы саладағы проблемалық мәселелер туралы баяндама жасады.
Бұдан басқа, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Департаменті және ШҚО бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Департаменті басшылары мен тау-кен металлургия кәсіпорындарының өкілдері баяндама жасады.
Кеңесте ұсыныстар мен іс-қимыл алгоритмін әзірлей отырып, бірлескен күш-жігермен шешілетін проблемалық мәселелер талқыланды.