Шығыс Қазақстан облысының 2023 жылғы қаңтар- ақпан айларына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 350,4 млрд. теңгені құрды, 101,5% өсу қарқынымен 2022 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда нақты көлем индексі – 93,4%.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 31,2 млрд. теңгені құрды, 131% өсу қарқынымен. Нақты көлем индексі – 120%.
Негізгі капиталға инвестициялар 54,8 млрд. теңгені құрды, 120,5% өсу қарқынымен. Нақты көлем индексі – 115,5%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 13,1 млрд. теңгені құрды, 108,7% өсу қарқынымен. Нақты көлем индексі – 108,2 %.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны 116,2% өсіммен 63,1 мың бірлікті құрды.
Тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы ақпан айына 2022 жылғы желтоқсанға қарағанда 102,1% құрды, соның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 102,3%, азық-түлік емес тауарлары – 102,3%, ақылы қызметтер – 101,7%.
Әлеуметтік сала.
2022 жылғы 4 тоқсандағы жұмыссыздық деңгейі – 4,8%.
2022 жылғы қаңтар- желтоқсан айларында орташа айлық жалақысы 286 157 теңгені құрды, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 23,5%-ға жоғары.
Ескертпе: Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері Шығыс Қазақстан облысы бойынша стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика Бюро Департаментінің деректер негізінде ұсынылған (www.stat.gov.kz)