Діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, функционалдық блок (А), 1 бірлік.
Шығыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогика және психология
- Тарих
- Мәдениеттану
- Филология
- Дінтану
- Теология
- Құқықтану
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Саясаттану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
Функционалды міндеттер
Облыстық терроризмге қарсы комиссия мен құқық қорғау органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының тиесілі тармақтарының орындалуын ұйымдастыру. Діни саласы бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеу, діни саласының өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер ұйымдастыру, облыстағы діни ахуал жөніндегі тоқсандық, жылдық есептер мен ақпараттарды әзірлеу. Басқарманың ағымдағы жоспарларын әзірлеу және есеп беру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.03.2022
- ШҚО, Өскемен қ., Карл Либнехт көш., 19, 5-қабат
-
8 (7232) 57-02-05