«Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есебі

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 1-бабының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.

Көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар.

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар.

«Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ (бұдан әрі-Басқарма) Шығыс қазақстан облысы әкімдігі дін саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарма жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтердің 4 түрін көрсетеді.

  • «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;
  • «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру»;
  • «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»;
  • «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен 2020 жылғы 31 наурызда №97 Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының» нормативтік құқықтық актісі бекітілген. Жоғарыда аталған Ережеге сәйкес барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

«Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есебі
Дата публикации
21 февраля 2025