«Көркем еңбек сабағында шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту» облыстық семинарының баспасөз -хабарламасы

2023 жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ көркем еңбек сабақтарында білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып оқу процесін ұйымдастыруға бағытталған педагогикалық дағдылар мен шығармашылық әдіс-тәсілдерді қалыптастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында көркем еңбек мұғалімдері үшін облыстық семинарын Өскемен қаласы, Көкжал барақ, 8/2. ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 46 орта мектебі» КММ базасында 31 қазан 2023 жыл, сағат 9.00 өткізеді.

Қатысушылар санаты – «Көркем еңбек» пәні бойынша жұмыс істейтін облыстың білім беру ұйымдарының көркем еңбек мұғалімдері.

Модератор – Кемельбаева Шынар Увалиолдановна, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер әдістемелік бөлімінің әдіскері, 87014482650.