Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

2025 жылғы 14 наурызда Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» базасында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты - мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи санасы мен танымдарын қалыптастыру.

Махамбет оқулары 5 номинация бойынша өткізілді:

- «Ұлы арман» - Махамбет шығармаларына иллюстрациялық суреттер салу;

- «Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу;

-.«Шашақты найза, шалқар күй» - Махамбет күйлерін орындау;

-.«Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу;

- «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.

Байқау қорытындысы бойынша дипломдармен: І орын – 5, ІІ орын – 8, ІІІ орын – 8 қатысушы марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Байқау жеңімпаздарының тізімі shygysdaryn.kz сайтында орналастырылған.

Барлық қатысушыларға сәттілік, жаңа табыс тілейміз!