Қанипа Бітібаева атында тағы бір зертхана филиалы ашылды

2025 жылы ақпанның 26-27 күндері Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің «О.Жандосов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зертхана филиалының ашылу салтанатына және педагогтің 80 жылдық мерейтойына орай, «Ұстаздықтың сөнбес жарық жұлдызы, ұлт ұстазы - Қанипа Бітібаева» тақырыбында республикалық конференция өтті.
Конференцияда ШҚО білім басқармасының «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми әдістемелік орталығы», қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлім әдіскері Билялова Айгуль Жанахметовна, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Абайтану» ғылыми – зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Картаева Айжан Маратбековна, Қ.Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зертхана жетекшісі Мұқашева Меруерт Қозыханқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Алдебаева Жания Зиябековна, Абежанова Бигуль Маташовна, Камзина Анар Толегеновналар іс-тәжірибелерімен бөлісті, шеберлік сыныптарын көрсетті.
Мектеп директоры Жанабилова Айжан Кеңесовнаның жетекшілігімен ұйымдастырылған іс-шара жалғасын тауып, ұстаздар қауымының кәсіби шеберлігін шыңдауға, біліктіліктерін арттыруға ықпал етері сөзсіз.