Аягүл Миразова атындағы 8-9 сынып оқушыларына арналған республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

Аягүл Миразова атындағы 8-9 сынып оқушыларына арналған республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің  қорытындысы

Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен 2025 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Еңбек ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері Аягүл Миразова атындағы 8-9 сынып оқушыларына арналған республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты - дарынды балаларды анықтау және қолдау, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету, стандартты емес ойлау қабілетін дамыту және шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру.

Олимпиада қорытындысы бойынша 9 қатысушы жүлдегер атанды (I орын - 3, II орын - 3, III орын - 3 оқушы).

Жеңімпаздар тізімі www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланған.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!