«Үздік өлкетану сабағы-2024» облыстық байқауы сабақтар панорамасының қорытындысы
2025 жылдың 21 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Үздік өлкетану сабағы-2024» облыстық байқауының сабақтар панорамасын өткізді.
Семинардың мақсаты – өлкетану пәнінің маңыздылығын арттыру, мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесімен бөлісу, іс-тәжірибелерін тарату.
Семинарға байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары өз жұмыстарын ұсынды:
- Риддер қаласы бойынша ББ «№1 мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.А.Коккозова «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы»;
- Өскемен қаласы бойынша ББ «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ тарих пәнінің мұғалімі А.С.Бигельдинова «Өлкетану сабағында жасанды интелектіні қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру»;
- Тарбағатай ауданы бойынша ББ «М.Әуезов атындағы мектеп-интернат-колледжі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Ж.Тагаева «Тұмар (Томирис) туралы аңыз»;
- Глубокое ауданы бойынша ББ «А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.М. Базилбаева «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада»;
- Катонқарағай ауданы бойынша ББ «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Е.Абенова ««Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада»;
- Ұлан ауданы бойынша ББ «Привольный мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ тарих пәні мұғалімі И.И.Гаджиева «Особенности проведения уроков краеведения. Практика преподавания на примере урока истории в 6 классе на тему «Живые свидетели истории родного края».
Жеңімпаз мамандар өз іс-тәжірибелерін көрсетті. Іс-шараға 100 мұғалім қатысты.