«Химия, биология пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістерін ұсыну» атты онлайн семинар қорытындысы

«Химия, биология пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістерін ұсыну» атты онлайн семинар қорытындысы

2025 жылғы 6 қаңтар күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы биология, химия пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында «Химия, биология пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістерін ұсыну» атты онлайн семинар өткізді.

Семинарда цифрлық технологияларды, онлайн-платформалар мен қолданбаларды қолдану арқылы химия және биология пәндеріндегі деректерді талдау, процестерді модельдеу, сондай-ақ функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған интерактивті тапсырмаларды орындау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсібилігін арттыру және биология мен химия сабақтарында жаңа технологияларды қолдану жолдары талқыланды.

Семинар барысында:

         -ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ, химия пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Жайлаубаева Раушан Газизовна;

         -ШҚО білім басқармасының  Қатонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі», КММ химия пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Токтарова Жанна Адильбековна;

-ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектеп-бөбекжай-балабақша «кешені» КММ, биология пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Тютекина Назира Алихановна;

-ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№45 орта бейіндік мектебі» КММ, биология пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Сагатбекова Акерке Кыдырмолдиевна іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың рефлексивті бөлімінде қатысушылардан кері байланыс алынып, бұл оқу және әдістемелік материалдарды түзетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, функционалдық сауаттылықты оқу процесіне енгізу барысында мұғалімдер кездесетін негізгі мәселелер анықталды. Іс-шараға облыстық жалпы білім беретін мектептердің биология және химия пәндерінің 35 мұғалімі қатысты.

Семинар модераторлары: Г.М. Абышева - ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің жетекшісі, бөлім әдіскері Г.Блейменова.

 

#МақсаттыМектептер #ӘдістемелікҚолдау