Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінің ІІ турының (тестілеу) қорытындысы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінің ІІ турының (тестілеу) қорытындысы

2024 жылғы 19 желтоқсанда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінің ІІ туры өтті.

Облыстық кезеңнің 140-тан астам жеңімпазы мен жүлдегері бейіндік пән бойынша онлайн тестілеуге қатысты.

Тестілеу деңгейлер бойынша құрастырылған 60 тест тапсырмасынан тұрып, оларды орындауға 2 астрономиялық сағат бөлінді.

Тестілеу қорытындысы бойынша шекті ұпай жинаған қатысушылардың жұмысы алдын-ала сараптамаға жіберіліп, соның нәтижесі бойынша қорытынды кезеңге қатысушылар анықталады.