«Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру жағдайындағы педагог-ассистенттің маңыздылығы» оқыту семинар-практикумы

Глубокое және Ұлан ауданы білім бөлімдерінің сұраныстары бойынша ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығымен (autism-орталығы) бірлесіп 2024 жылдың 19 желтоқсанында педагог-ассистенттер мен арнайы педагогтер үшін «Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру жағдайындағы педагог-ассистенттің маңыздылығы» атты оқыту семинар-практикумын өткізді. Шараға 30-дан астам педагог қатысты.
Семинар барысында арнайы, инклюзивті білім беру және интернаттық ұйымдар әдістемелік бөлімінің басшысы Кубентаева А.К. «Örken» орталығымен әзірленген «Барлығына арналған мектеп» әдістемелік ұсынымдарға жайлы түсіндірме жұмысын жүргізіп, педагог-ассистенттердің құжаттамасын жүргізу тәртібіне тоқталды. «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығының педагогтері АСБ бар балалармен жұмыс жасаудың теориялық және практикалық тәжірибелерін көрсетті. Сондай-ақ семинарда ерекше балалардың ата-аналары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Шара орталықта экскурсия жасаумен аяқталды. Кері байланыс барысында қатысушылар сұрақтарына жауап алып, өткізілген іс-шараның өзектілігін атап өтті.