Жыл соңында облыстың мектепке дейінгі тәрбие бойынша педагогтері тағы да әдістемелік шарада бас қосты

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы жылдық жоспарға сәйкес 2024 жылдың 6 желтоқсанында ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған валеологиялық мектеп-кешені» КММ базасында облыс мектепке дейінгі тәрбие педагогтерінің «Ерікті ойын іс-әрекеті арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру мен тәрбиелеуді ұйымдастыру» тақырыбында шығармашылық шеберхана ұйымдастырылды.
Мақсаты: ойын іс-әрекеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік-танымдық белсенділігін дамыту, инновациялық білім беру технологияларын енгізу және қолдану саласында тәжірибе алмасу.
Шығармашылық шеберхана бағдарламасына сәйкес аталған мектеп-кешен педагогтері (Ахаева Н.В., Ляпунова И.Л., Довбиш М.А., Оразбаева С.Ю., Лутченко С.А., Отческая И.Б., Ахаев А.В., Артыкбаева Л.К., Колодницкая К.А.) шеберхананың тақырыбы төңірегінде тәжірибелерімен бөлісіп, кіріктіріле ұйымдастырылған іс-әрекет түрлерінен үзінділер көрсетіп, шеберлік сыныптарында өздерінің құпияларымен бөлісіп, сырларын ақтарды.
Шара барысында қатысушылар мектеп-кешен ішіне ұйымдастырылған экскурсияны тамашалап, педагогтер шығармашылығы көрмесімен, «Балалар университеті» жұмысымен танысып, «Тұзды шахта», «Релаксация кабинеттерінің» ашылу салтанатына қатысты.
Шеберхана жұмысына облысымыздың 14 аудан-қалаларынан балабақша басшылары мен әдіскерлері, тәрбиешілері, жиыны 50-ге жуық педагогтер қатысты.
Жиын соңында ШҚО ББ «Örken» өңірлік орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру бөлімінің әдіскері Қырықбаева А.Қ. қорытынды сөз сөйлеп, қатысушылармен кері байланыс жасап, мектеп-кешен ұжымына шығармашылық табыс тіледі.