Өскеменде «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзиялық спорт фестивалі

2024 жылғы 21 қарашада Өскемен қаласында "AMANAT" партиясының "Кедергісіз келешек" жобасы аясындағы білім, спорт, мәдениет басқармалары бірлесе ұйымдастырған "Тең мүмкіндіктер" атты балалар инклюзивті спорт фестивалі өтті. Іс-шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың құрдастары арасындағы әлеуметтік белсенділік пен өзара әрекеттесудің маңыздылығын көрсете отырып, инклюзия мен бірліктің жарқын мысалы болды.
Фестивальдің мақсаты-инклюзивті спорттық-мәдени іс-шаралар өткізу арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен құрдастары арасындағы достық байланыстар мен сенімділікті нығайту.
Фестивальге облыстың қалалары мен аудандарынан 4-8 сынып оқушыларының 25 командасы қатысты. Жас спортшылар үш спорт алаңында бақ сынасты: "Бочча", "Көңілді старттар" және "Жеңіл атлетика".
Бочча-паралимпиадалық спорт түрі, ол Қазақстанда енді ғана дами бастады, бірақ балалар арасында танымал. Бочча жарысына Өскемен қаласынан бес команда қатысты. Жүлделі орындарды "Жалын", "Луч" және "Айбын"командалары иеленді.
Кіші санат қатысушылары арасындағы эстафета қорытындысы бойынша:
I орын — Ұлан ауданының командасы
II орын-Үлкен Нарын ауданының командасы
III орын — Күршім ауданының командасы
Аға санат қатысушылары арасында:
I орын-Күршім ауданының командасы
II орын — Ұлан ауданының командасы
III орын — Марқакөл ауданының командасы
Кішілердің арасында жеңіл атлетикадан:
I орын-Зайсан ауданының командасы
II орын-Алтай ауданының командасы
III орын — Глубокое ауданының командасы
Үлкендердің арасында:
I орын — Глубокое ауданының командасы
II орын — Күршім ауданының командасы
III орын-Алтай ауданының командасы
Фестиваль соңында жеңімпаздар спорттық жетістіктері үшін дипломдармен, кубоктармен және арнайы медальдармен салтанатты түрде марапатталды, сыйлықтарды балалардың досы – демеуші "Казцинк" ЖШС ұсынды.