Волейболдан «Шұбар доп» Шығыс Қазақстан облысының 7-8 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы

Оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында 2024 жылғы 5-7 қараша аралығында Өскемен қаласының №10 мектеп-гимназиясы базасында волейболдан «Шұбар доп» 7-8 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
Ұлдар арасында:
І орын – «Алтай қаласының № 7 орта мектебі» КММ, Алтай ауданы;
ІІ орын – «Жетіарал мектеп-балабақшасы» кешені» КММ, Тарбағатай ауданы;
ІІІ орын – «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Өскемен қаласы;
Қыздар арасында:
І орын – «С.Ластаев атындағы орта мектебі» КММ, Катон-Қарағай ауданы;
ІІ орын – «Абай атындағы орта мектебі» КММ, Тарбағатай ауданы;
ІІІ орын – «№ 1 Самар орта мектебі» КММ, Самар ауданы;
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!