«Үздік кітапханашы - 2024» облыстық байқауы

«Үздік кітапханашы - 2024» облыстық байқауы

2024 жылдың 28 қазанында республикалық кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай «Оқуға құштар мектеп (Оқуға құштар колледж)» жобасы аясында ШҚО ББ «Örken» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының, «ШҚО оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің және ШҚО ББ техникалық және кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Үздік кітапханашы - 2024» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың облыстық кезеңіне 8 мектеп және 3 колледж кітапханашылары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен номинанттар марапатталды:

I дәрежелі дипломмен – Риддер қаласының «№2 орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі Кузнецова Наталья Петровна және кітапханашы Берікболова Жансая Берікболқызы;

II дәрежелі дипломмен – Тарбағатай ауданының «М. Әуезов атындағы Акжар мектеп-интернат-колледжі» КММ кітапхана меңгерушісі Қасымова Әсем Ержанқызы;

III дәрежелі дипломмен – Самар ауданының «Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі» КММ кітапханашысы Тулепова Әсел Маратқызы;

III дәрежелі дипломмен – Үлкен Нарын ауданының «Солдатово орта мектебі» КММ кітапханашысы Тютенькова Мария Ивановна;

«Ұшқыр ойлы кітапханашы» номинациясымен –Алтай ауданының «Алтай қаласының № 9 орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі Смаилова Майра Кабдуалиевна;

«Кітапханашы - өлкетанушы» номинациясымен - Катонқарағай ауданының «Ақсу орта мектебі» КММ кітапханашысы Далиманова Гульжупар Мустафиновна;

«Ізденімпаз кітапханашы» номинациясымен - Күршім ауданының «Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ кітапханашысы Кудакенова Карлыгаш Кенжекановна;

«Жаңашыл кітапханашы» номинациясымен - Өскемен қаласының «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі Чямбаева Лаура Бурабаевна.

Байқаудың басқа да қатысушыларына қатысқандары үшін сертификаттар табысталды.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды және облыстық кәсіподақ ұйымының ақылай сыйлықтарына ие болды.

Байқау жеңімпаздары мен номинанттарын құттықтаймыз және одан әрі жемісті жұмыс тілейміз!

#ОқуғақұштармектепШҚО
#Балаларкітапханасы
#Біртұтас_тәрбие