«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» облыстық онлайн-семинар

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының күзгі каникул жоспарына сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері үшін 2024 жылдың 28 қазанында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын арттыру жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты - бастауыш сыныптарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, іс – тәжірибелермен бөлісу.
Семинарда спикерлер бастауыш сынып оқушыларының математикалық, ғылыми-жаратылыстану, оқу сауаттылықтарын дамыту жолдарына тоқталып, тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында:
- ШҚО Білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері М.Д.Жагыкпанова, А.Б.Бақытқанова, А.А.Махмутова, Ж.С.Амисултановалар бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын жан-жақты дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен таныстырды.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.