Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Нұрғалиевтің қатысуымен өтетін білім басқармасының алқа отырысының ПРЕСС-РЕЛИЗІ

Өткізу күні, уақыты: 01.11.2024 ж., 10.00 сағ.

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-нің әкімшілік корпусы

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиевтің қатысуымен 2024 жылғы 01 қарашада ШҚО білім басқармасының алқа отырысы  өткізіледі.

Алқа отырысына 340 адам: аудандық, қалалық әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп және колледж директорлары, мектеп және колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ ШҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының, Өскемен қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының директорлары қатысады.

Алқа отырысының 1-бөлімінде келесі маңызды мәселелер қаралады:

  1. Білім беру жүйесінің дамуы: мәселелері мен болашағы.
    Білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер мен даму перспективалары талқыланады.
  2. Нысаналы мектеп педагогтерін кәсіби қолдау: қиындығы мен перспективасы

Педагогтерді кәсіби қолдаудағы қиындықтар мен перспективалары талқыланады.

  1. 943-еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту жобасының ШҚО бойынша іске асырылуы

Бұл жоба аясындағы жетістіктер мен келешек жоспарлары қарастырылады.

  1. Жұмысшы мамандықтары жылы контекстінде техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлаудың өзекті міндеттері

Техникалық білім берудің даму бағыттары мен жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы туралы пікірлер білдіріледі.

  1. Білім беру мекемелерінде зорлық-зомбылықтың, суицидтің, девиантты мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша басшылық, бақылау және өзара іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру

Оқу орындарында қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету, басшылық және бақылау механизмдерін ұйымдастыру мәселелері талқыланады.

Отырыс нәтижесінде білім беру жүйесінің қазіргі жағдайын жақсарту үшін нақты ұсыныстар мен шешімдер ұсынылады.

Коллегияның отырысы екі секциялық отырыспен жалғасады:

1-секция: Облыс әкімінің орынбасары Е.Ж.Нургалиевтің орта, арнайы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларымен, сондай-ақ тәрбие жұмысы бойынша директорлардың орынбасарларымен кездесуі.

2-секция: Шығыс Қазақстан облысының білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.О. Байжанованың білім бөлімдерінің басшылары және әдістемелік кабинеттердің меңгерушілерімен кездесуі.