«Біртұтас тәрбие: құндылықтарды іске асыру». Жерлес ақын жазушылардың шығармашылығына арналған «Мен де жүрмін, туған жерге нұр шашып» тақырыбындағы облыстық семинар – практикумы

«Біртұтас тәрбие: құндылықтарды іске асыру». Жерлес ақын жазушылардың шығармашылығына арналған «Мен де жүрмін, туған жерге нұр шашып» тақырыбындағы облыстық семинар – практикумы

2024 жылғы 10 қазанда ШҚО білім басқармасының «Orken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Жамбыл орта мектебі» КММ базасында  «Біртұтас тәрбие : құндылықтарды іске асыру». Жерлес ақын-жазушылардың шығармашылығына арналған «Мен де жүрмін, туған жерге нұр шашып» тақырыбындағы облыстық семинар – практикумы өтті.

Мақсаты өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленген қаламгерлеріміздің шығармашылығы арқылы құндылықтарды іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісу.

Семинар жұмысына облыстың Алтай ауданының мектеп басшылары  және шағын жинақты мектептердің педагогтері қатысты.

Іс-шараның негізгі бөлімінде жергілікті авторлардың шығармашылығына арналды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Аяғанова өз шығармаларына шолу жасады. «Жас зерттеуші» үйірмесінің жетекшісі Р. О. Аугонбаева жазушы Әлібек Асқаровтың шығармашылығын ашып, 8-11 сынып оқушыларымен галерея бойынша экскурсия ұйымдастырды.

Семинардың екінші бөлімінде мектеп жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі А. Уәлиханова «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары арасында құндылықтарды дәріптеу  бойынша жұмысты көрсетті. Ата-аналар ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен қазақ күйлерін орындады.

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г.Ашурова мектеп жетістіктерімен, жоба жұмыстарының, секция жұмыстарының нәтижесімен таныстырса, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Г.Бадисолтанова  нәтижелі жұмыстарының қорытындысымен таныстыра отырып, іс-тәжірибесімен бөлісті.

Бағдарламаның үшінші бөлімі «Жаңашылдық - болашаққа бастар жол» ұранымен өтті. Химия және география пәнінің мұғалімдері Р. Л. Мусинова мен физика Ғ. Әскербек 6 сынып оқушыларымен «TedX» жобасын ұйымдастырды, ал математика пәнінің мұғалімі С. Б. Ақежанова «Жасанды интеллект білім саласында» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдері  А.Б. Абраимова мен М. Мейрамханова, сондай-ақ биология пәнінің мұғалімі  Р.О. Аугонбаева «Қонақжай отбасы»  жобасы аясында өз жұмыстарын ұсынды.

Тәрбие ісінің меңгерушісі А.Д. Маңдайбаеваның ұйымдастыруымен   өзін –өзі басқару ұйымының 8 фракция  мүшелері атқарылып жатқан жұмыстарының бірі  «Лайфхак»   пайдалы кеңесін көрсетті.

Семинардың соңғы бөлімінде ағылшын тілі пәні мұғалімі Д.Б.Бауржанова келген қонақтармен танымдық «QUIZ» ойынын ойнатты.

Мектеп музыканты Ж.Б Баженов  және би үйірмесінің жетекшісі Г.Қ Тюменбаеваның жетекшілігімен  «Ұстаз-ұлы тұлға» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Кері байланысқа қатысушылар семинар барысында тәжірибелерімен бөліскен спикерлерге алғыс айтып, болашақта қолдануға болатыны жайлы пікірлерін білдірді.

Модератор  Бошаева Гульнара Манашевна семинарды қортындылап сөз сөйледі ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының Білім беру ұйымдары қызметінің білім беру менеджменті және мониторингі бөлімінің әдіскері.