Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрықтарына бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының облыстық басқармалары және қалалары мен аудандары әкімдіктерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес 2024 жылғы 2 қазан мен 20 қазан аралығында «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-нің (бұдан әрі - Басқарма) (соның ішінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдар) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтитын кезең: 2023 жылғы 03 қазанынан 2024 жылғы 01 қазанына дейін.
Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.