
Мектептегі тілдік лагерьлерінің кезекті кезеңі сәтті де табысты өтті. Дайындық пен жұмыс мұғалімдерден айтарлықтай күш-жігерді қажет етсе де, олар оқушыларға шығармашылық, кәсіби және эмоционалды қарым-қатынастан қанағаттану және қуаныш сезімін берді. Тілдік лагерь баршаның есінде ұзақ сақталатын жарқын оқиғаға айналды. Соның нәтижесінде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне терең бойлайтын лингвистикалық лагерьлер ұйымдастыру әрбір тіл мұғалімі үшін де, мектеп ұжымы үшін де сәтті жоба болды. Тілдік лагерьлердің табысты қызметінің нәтижесі оқушының дене белсенділігін ынталандыру, өзіне деген сенімділік пен өзін-өзі бағалауды арттыру, мақсатты педагогикалық қолдау арқылы психологиялық тұрақтылықты дамыту, үрей мен қорқынышты жеңу, интернетке тәуелділіктен алшақтау, көркемдік және шығармашылық қабілеттерін арттыру, тәуелсіздік сезімін және өз еркін басқару қабілетін дамыту, жақын қоғамдастыққа қосылу, ынтымақтастық, басқалардың пікірін құрметтеу және топтық жұмысты қалыптастыру арқылы оқытудың педагогикалық пайдасы деп санауға болады.
Әрине, ең маңызды көрсеткіші – балалардың лингвистикалық лагерь бағдарламасымен қарастырылған сөздік қорын меңгерулері болып табылады.