«Бастауыш мектептегі заманауи сабақтардағы жүйелік-белсенділі тәсіл» облыстық практикалық семинары

«Бастауыш мектептегі заманауи сабақтардағы жүйелік-белсенділі тәсіл» облыстық практикалық семинары

2024 жылғы  26 сәуірде  Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша Жол картасы шеңберінде әдістемелік қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі" КММ Құзыреттілік орталық базасында «Бастауыш мектептегі заманауи сабақтардағы жүйелік-белсенділі тәсіл» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне практикалық  семинар өткізілді.               

Семинар аясында «Шеберлік шыңы – нәтижелі еңбек», «Табысты ұстаздардың әдістемелік шеберханасы» (ПИТЧ қорғау), «Терең білім – тағылымды тәрбие», «Озат тәжірибе – көпке ортақ» алаңдары жұмыс жасады.            

Семинарды қорындылай келе «Бүгін мен үшін керемет күн болды, себебі...» кері байланыс алаңында  педагогтер өз пікірлерімен бөлісті.