Көктем мерекесі "Наурыз 2024" барысында интерактивті сабақ өткізу туралы!»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Қазақстан халқының дәстүрлі құндылықтарына құрметпен қарауды қалыптастыру, гуманистік идеяларды, бейбітшілік, мейірімділік құндылықтарын тарату, адамдарды өзара құрметтеу мақсатында 2024 жылғы 13 наурызда сағат 11.00 де «Наурыз-ұлттық сананың бастауы!» тақырыбында облыс мектептерінің оқушыларына арналған интерактивті сабақ өткізеді.