«Құқық негіздері» пәні бойынша практикаға бағытталған оқыту әдістері мен тәсілдері арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» облыстық әдістемелік - практикалық семинар

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы жылдық жоспарына сәйкес 27ақпанда 2024 жылы «Құқық негіздері» пәні бойынша практикаға бағытталған оқыту әдістері мен тәсілдері арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» әдістемелік практикалық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – білім алушылардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық сауаттылық пен мәдениениетін арттыру оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамыту, өз ойларын, пікірлерін айту, дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеу қабілеттерін дамытатын тиімді әдіс-тәсілдерімен тәжірибе бөлісу, әдістемелік көмек беру.
Шараға облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері, барлығы 70 адам қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Абраимова Б.К., «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың қоғамда әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті негізгі құқықтық білімдері мен дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуге бағытталғанын және оны жүзеге асырудың әдіс- тәсілдерін меңгерудің қажеттілігін атап өтті.
Семинарға қатысушыларға ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№27 орта мектеп» КММ әкімшілігі «Құқық білім мен тәрбие» тақырыбында аталмыш білім ошағында жүргізіліп жатқан шаралар туралы таныстырылым жасады.
Шара барысында: ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№27 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ құқық негіздері пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Мухаметжанова Лира Казбековна 9 «Б» сынып оқушыларымен «Қандай жағдайларда әкімшілік жауапкершілік туындайды?»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№27 жалпы білім беретін орта мектеп»» КММ құқық негіздері пәні мұғалімі, педагог сарапшы Костюкова Елена Викторовна 10- сыныпта «Источники семейного права» тақырыптарында ашық сабақтар өткізіп, өзіндік талдау жасады.
Семинардың екінші бөлімінде:
ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ құқық негіздері пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Нурсеитова Нурлан Кабыкеновна «Құқық негіздері» пәнінен ҰБТ-ға дайындық жүргізудің тиімді жолдары»;
ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ құқық негіздері пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Бақытжанұлы Қуаныш «Құқық негіздері» пәні бойынша оқушылардың зерттеу дағдысын дамыту арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру»;
ШҚО білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Зубовка орта мектебі» КММ құқық негіздері пәні мұғалімі Никитин Денис Анатольевич, «Активные формы изучения отраслевого права, как способ формирования правовой культуры и функциональной грамотности школьников»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№32 орта мектеп» КММ құқық негіздері пәні мұғалімі, педагог- модератор Казак Вера Анатольевна «Применение игровых технологий и ролевых игр, направленных на формирование функциональной грамотности по предмету «Основы права» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісіп, нәтижелерімен таныстырды.
Қатысушылармен жүргізілген рефлексия барысында өткізілген іс-шаралар туралы көптеген оң пікірлер айтылды. Ұсынылған тәжірибелердің, білім алушылардың құқықтық білімін жетілдіруде қолданылған тиімді әдіс-тәсілдердің практикалық маңыздылығын, тәжірибеде қолдану үшін әдістемелік көмек алғандарын атап өтті.