XXV республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2024 жылғы 31 қаңтарда жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында XXV республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізілді:
- «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»;
- «Абайдың қара сөздері»;
- «Абайдың ақын-шәкірттерінің шығармалары»;
- «Көңілім әнді ұғады»;
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»;
- «Ұлылар әлемі».
Байқау нәтижесінде 39 қатысушы жеңімпаз атанды:
- Бас жүлде – 6;
- I орын – 6;
- II орын – 11;
- III орын – 16.
Барлық жеңімпаздар дипломдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Облыстық кезеңнің Бас жүлде алған жеңімпаздары Шығыс Қазақстан облысының атынан байқаудың республикалық кезеңінде қатысады.
Жүлдегерлер тізімін www.shygysdaryn.kz сайтынан көруге болады.
Барлық қатысушыларға сәттілік, жаңа табыс тілейміз!