Вебинар туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» 2023 жылдың 10 қарашасында «Оқу сауаттылығы: мәтін түрлері және тапсырмалар» такырыбында Ислямова С.А. ПШО Өскемен. қ. филиалы аға менеджерімен бірге қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдеріне арналған қазақ тілінде вебинар өткізді.
Бұл вебинар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің пәнді оқытуда оқушылардың оқу сауаттылықтарын дамыту үшін мәтін түрлері мен оларды оқытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу шеберліктері мен кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Вебинар мақсаты:
Пәнді оқытуда оқу сауаттылық дағдыларын дамыту үшін мәтін түрлеріне сәйкес тапсырмаларды құрастыру шеберлігі мен құзыреттілігін жетілдіру.