Кітапханашылар күніне орай өткізілген мерекелік іс-шара

24 қазанда еліміз бойынша кітапханашылар күні аталып өтіледі. Бұл дата мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылдың 18 қазанында бекітілген болатын. Мақсат - кәсіби аренада кітапханашы мамандығының беделін арттыру, имиджін қалыптастыру.
24 қазан 2023 жылы ШҚО білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы және ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында Кітапханашылар күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға ардагер кітапханашылар, тәжірибелі кітапханашылар, курс тыңдаушылары, кітапхана қызметкерлері-бастауыш кәсіподақ төрағалары, кітапханашылар қоғамдық және кәсіподақ белсенділері, білім басқармасының қызметкерлері қатысты.
Аталған шара бірнеше бөлімнен тұрды. А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері экскурсия мен ойын-викторина өткізіп, жеңімпаздарды марапаттады.
Салтанатты бөлімде шараға қолдау көрсеткен ШҚО кәсіподақ төрағасы Назгуль Касенова кітапханашылар қауымын құттықтап, бір қатар белсенділерді Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар тапсырды. Марапаттау рәсімін «Өрлеу» институт директоры Гаухар Жуманова мен ШҚО ББ «Өркен» орталығының директорының орынбасары Айзада Кантаева тәжірибелі кітапханашыларды грамоталармен, алғыс хаттармен марапаттады.
Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз, шығармашылық табыс, жаңа кәсіби жетістік тілейміз!