«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» жыл сайынғы Ұлттық конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысы

2023 жылғы 17 қазан күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы аясында «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» жыл сайынғы Ұлттық конкурстың облыстық кезеңін өткізді.
Конкурсқа 22 білім беру ұйымдары қатысты.
Комиссия мүшелерінің шешімі негізінде облыстық кезеңнің жеңімпаздары келесі номинациялар бойынша анықталды:
«Табиғатқа жанашыр ұжым» номинациясы бойынша:
І орын - ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ;
ІІ орын - ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю.А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ;
ІІІ орын – ШҚО ББ «Риддер колледжі» КМҚК
«Үздік экологиялық жоба» номинациясы бойынша:
І орын - ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Предгорное орта мектеп-балабақша кешені» КММ;
ІІ орын - ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Меновное орта мектебі»КММ;
ІІІ орын - ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ
«Экологиялық сауат және ақпараттандыру» номинациясы бойынша:
І орын - ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ;
ІІ орын - ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел орта мектебі» КММ;
ІІІ орын - ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 мектеп - лицейі» КММ.
Конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды, қатысушыларға сертификаттар берілді.
Облыстық кезең жүлдегерлерінің конкурстық материалдары «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық конкурсының республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысы атынан ұсынылады.
Конкурстың республикалық кезеңіне қатысатын жүлдегерлерге сәттілік тілейміз!