Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби мереке, Мұғалімдер Күнімен құттықтаймын! Шын жүректен шыққан ізгі тілектерді қабыл алыңыздар!

Сіздердің жұмыстарыңыз баға жетпес байлық, өйткені сіздерге елдің болашағы сеніп тапсырылған.

Жан-жылулығыңыз, даналығыңыз, адалдығыңыз және үлкен шыдамдылығыңыз үшін рахмет.

Сіздер берген әр сабақ балаларға білім мен ойлау қабілетін ғана емес, сонымен бірге жақсылыққа деген үміт пен сенім, ұмтылыс күшін берсін.

Оқушыларыңыз сізбен бірге биік шыңдарды бағындырып; үлкен белестерден көріне берсін!

Сіздің қиын, бірақ асыл жұмысыңызға сәттілік тілеймін!

Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев оқушы үшін мұғалім тек білім көзі ғана емес екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда мұғалімдер оқу материалын оқытып қана қоймай, балалардың әлеуметтік дағдылар мен эмоционалды интеллекттің дамуына ықпал етеді.

Бұл жаңа ұрпақты уақыттың ең қиын сынақтарына дайындай алатын  мұғалімдер.

 

Құрметпен, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Чернышева И.А.