«ДАЛАМДАЙ ДАРХАН ПІР -ТҰЛҒАМ» республикалық ғылыми-практикалық конференция

Қатысушылар санаты – ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының зертхана меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, Абай облысы Абай музейінің аға ғылыми қызметкері, магистранттар, докторанттар, «Өрлеу» БАҰО АҚ КДИ филиалы және ПШО мамандары, Павлодар, Қызылорда, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан облыстары, Астана, Орал, Семей қалалары білім басқармаларының білім бөлімдері әдіскерлері мен жалпы орта білім беретін ұйымдарының педагогтері.
Өткізілу мерзімі : 2023 жыл 20 қыркүйек
Өткізілу форматы: онлайн
Мақсаты – Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ халқының руханилығы мен ағартушылығын, әдебиеті мен философиясын, поэзиясы мен қоғамдық санасын дамытуға қосқан үлесін дәріптеу.
Бағдарлама мазмұнында Шәкәрім әңгімелерінің ғибратты-дидактикалық сарыны, шығармаларының оқытылу әдістері, аудармалары, сазгерлік өнері, тарихшы, шежірешілігі ұсынылады.
Көрсетілген Ережеге сай қабылданған мақала/баяндама жұмыстары электронды жинаққа енгізіледі.
Модератор – А.Ж.Билялова, тел.: 8-705-501-4271