«Балауса-2» балалар лагерінде жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша қорытынды

2023 жылғы 8-15 тамыз аралығында Шығыс Қазақстанның Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан «Балауса-2» лагерінде төртінші жазғы ауысым өтті.
Жазғы ауысымда ауданның 7 мен 16 жас аралығындағы 40 оқушысы демалды.
Ауысымдық бағдарлама балалардың ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырыпұйымдастырылған, сонымен қатар жеке тұлғаны дамытуға, шығармашылық бастамаға, білім беру қызметі арқылы оқушылардың тұлғалық сапасын қалыптастыруға бағытталған.
Ауысым аясында әр түрлі бағыттағы шығармашылық студиялар мен үйірмелердің (бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, хореография, вокалдық-аспаптық студиялар) жұмысы қарастырылды. Ауысым бағдарламасына мәдени ойын-сауық іс-шаралары, шахмат, тоғызқұмалақ, футбол, волейбол және үстел теннисі бойынша спорттық жарыстар өткізілді.
«Балауса-2» лагеріндегі демалыс - бұл дамудың, демалудың және сауықтырудың, спорт пен шығармашылықтың теңгерімді үйлесімі, онда әрбір бала шығармашылық тәжірибе алады, жаңа таныстар табады және өзін жақсы жағынан көрсетеді.
«Балауса-2» лагерінде демалған Самар ауданының балалары жаңа таныстар, жаңа ашылулар мен әсерлерге ие болды.