“Әнші болғым келеді” караоке-баттлы өтті

“Әнші болғым келеді” караоке-баттлы өтті

Өскемен қаласының “Жұлдыз” балалар өнер мектебі домбыра және вокал сыныптары педагогтары Дамыс М., Таласбек А. ұйымдастыруымен жазғы лагерьдегі өнерлі, шығармашыл және дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында “Әнші болғым келеді” караоке-баттлы өтті. Жас жеткіншектер өнерлерін ортаға салып, орындау шеберліктерін көпшілік алдында паш етіп, өзін-өзі ұстау мәдениетіне қарай бағаланып жеңімпаздар анықталды.