Астана күніне арналған экскурсия

Астана күніне арналған экскурсия

28 маусымда Өскемен қаласының «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» үйірме мүшелері үшін «Ақбауыр» археологиялық ескеркішіне «Қазақстанның ежелгі қалалары» өлкетану экскурсиясы өтті. Балалар Қазақстан Республикасының тарихи өткенімен қызығушылықпен танысты. З.С. Самашев басқаратын қазба жұмыстардағы ерте темір дәуір мекендерін аралады. Археологтардың жұмысы және «Ақбауыр» аумағынан табылған көне жәдігерлер туралы білді. Ежелгі қоныстар - прото-қалалардың бірегейлігі Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің пайда болуының бастапқы кезеңін көрсетеді, оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады, патриотизмге тәрбиелейді.