Білім басқармасының алқа отырысы

2023 жылғы 23 маусымда білім басқармасының алқа отырысы өтті. Алқа  отырысына Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілі, орталықтардың директорлары, қалалық/аудандық білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.

Негізгі баяндамада білім басқармасының басшысы Инесса Александровна Чернышёва білім басқармасының 2022-2023 оқу жылындағы қызметінің қорытындылары мен 2023-2024 оқу жылына қойылған міндеттерді айтты.

Сондай-ақ, алқа отырысында білім беру ұйымдарын аттестаттау, балабақшаларда кезектілікті азайту, ШЖМ педагогтерінің тапшылығы мәселелерін шешу, тәрбие бойынша мәселелер қаралды.

Алқа қорытындысы бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.