Колледж студенттері арасында волейболдан республикалық чемпионат

Колледж студенттері арасында волейболдан республикалық чемпионат

2023 жылғы 12 және 16 маусым аралығында Өскемен қаласында «Дене шынықтыру және спорт ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК бекіткен Ұлттық спорт түрлері лигасын өткізу туралы ережеге сәйкес колледж студенттері арасында волейболдан Республикалық чемпионат өтті.

Чемпионаттың Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұйымдастырушысы – «Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі» МЕМ.

Бұл іс-шара спорттың осы түрін насихаттауға, жастарды салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде спортқа белсенді тартуға, бос уақытын пайдалы өткізу мен жұмыспен қамтуға бағытталған.

Аталған іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 30-ға жуық команда қатысты.

Ойындар Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі және Өскемен жоғары политехникалық колледжі базасында өтті.

Чемпионаттың финалдық ойындары және жабылу салтанаты 2023 жылғы 16 маусымда ШҚО дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті.

Чемпионаттың төрешілері, қатысушылары мен қонақтары іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Байқау нәтижелері:

Жастар

1 орын - Жетісу облысы, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі

2 орын – ШҚО, Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі

3 орын – Астана қаласы, педагогикалық колледжі

Қыздар

1 орын - Ақмола облысы Көкшетау қаласы, Жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжі

2 орын – Маңғыстау облысы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі

3 орын – ШҚО, Қазақстан-Американдық Еркін университетінің колледжі