"Геологиялық маршрут" тренингі өткізілді

"Геологиялық маршрут" тренингі өткізілді

13 маусымда жас геологтардың республикалық далалық олимпиадасына дайындық аясында "Геологиялық маршрут" тренингі өткізілді. ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ҚБ "Жас техниктер станциясы" КМҚК "Жас геолог" үйірмесінің тәрбиеленушілері Ахмир алабы мен Телевышка ауданындағы жергілікті тау жыныстарының шығуын зерттеді.