Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының бас маманы-заңгері "Халық заңгері" жалпы республикалық акциясына қатысты

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының бас маманы-заңгері "Халық заңгері" жалпы республикалық акциясына қатысты

Шығыс Қазақстан облысында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті. Өскемен қаласында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде (Қазақстан көшесі, 55) «Халық заңгері» атты жалпы республикалық акциясы өтті, оның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарда туындаған құқықтық мәселелерді шешуге жәрдемдесу болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының атынан ұйымдастыру жұмысы және адам ресурстарын басқару бөлімінің  Бас маманы-заңгер Төлегенұлы Бахтияр қатысты. Сондай-ақ, консультанттар әртүрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері, үздік заңгерлер мен адвокаттар болып, азаматтарға өздерін қызықтырған барлық құқықтық мәселелер бойынша толыққанды заң көмегін көрсетті.

Жалпы алғанда, 100 ден астам адам консультациялық және заң көмегіне жүгініп, барлық сұрақтарға жауап алды.

Азаматтардың ең көп сұрақтары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және салық бойынша болды.

Акция ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz басылымы және «Параграф» ақпараттық жүйесімен бірлесіп ұйымдастырылды.