Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 25 мамырында zoom арқылы «Мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін арттыру, орта білім беруді, жоғары және кәсіптік-техникалық білім беруді қамтамасыз ету сапасын арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы жүргізді.

 

Жиналғандардың назарына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі - Каринова Шолпан Таңатқызының, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің вице-министрі - Ералиев Қуаныш Асылханұлының, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі - Кикымов Мақсат Сәкенұлының, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты - Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлының баяндамалары ұсынылды.

 

Отырысқа қатысушылар мектеп бағдарламаларының мазмұны, білім беру кеңістігінің қауіпсіздігі мәселелерінің кең ауқымын талқылады, білім беру саласындағы жаһандық үрдістер және оларды Қазақстанда іске асыру перспективалары мәселелері көтерілді.

 

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар пікір алмасты.