Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жеңіл атлетикадан Қазақстандық арнайы олипиадасының облыстық турнирінің қорытындысы

2023 жылдың 23 мамырында Өскемен қ. О. Рыпакова атындағы жеңілатлетикалық орталығы базасында халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жеңіл атлетикадан Қазақстандық арнайы олимпиадасының облыстық турнирі өтті.
Турнирдің негізгі мақсаты - арнайы олимпиадалық қозғалысты насихаттау, спортпен айналысуға зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға кіріктіру.
Жарысқа медициналық-әлеуметтік мекемелер (МӘМ) мен арнайы мектептердің 12-15, 16-21 жас аралығындағы 64 спортшы қатысты.
Турнир Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес келесі бағдарламалар бойынша өткізілді: жүгіру , орнынан ұзындыққа секіру, доп лақтыру мен эстафета.
Жарыс қорытындысы бойынша келесі командалар жеңіс тұғырынан көрінді:
12-15 жас:
І орын – Риддер қаласы, «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы;
ІІ орын – Өскемен қаласы, «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы;
ІІ орын – Алтай ауданы «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы;
ІІI орын - Өскемен қаласы, «Арнайы мектеп» КММ-нің командасы;
ІІI орын – Алтай ауданы, «Ерекше білім беру қажеттілі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-нің командасы.
16-21 жас:
І орын Алтай ауданы, «Ерекше білім беру қажеттілі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-нің командасы;
ІІ орын Өскемен қаласы, «Жасөспірімдер үйі» КММ-нің командасы;
ІІI орын Өскемен қаласы, «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы.
І, ІІ, ІІІ орын алған командалар дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.
Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!