«Ағылшын тілін оқытуда цифрлық технологияларды тиімді пайдалану» облыстық семинар

«Ағылшын тілін оқытуда цифрлық технологияларды тиімді пайдалану»  облыстық семинар

2023 жылғы 10 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Қазақстандағы «Oxford University Press» халықаралық баспасының қолдауымен ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Ағылшын тілін оқытуда цифрлық технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысын Oxford University Press, Орта Азия төрағасы Әсел Байбатырова ашты.

Оксфорд университетінің баспасының халықаралық дәріскері Ник Мантай (Nick Manthei) шолу дәрісін өткізді.

Семинар барысында ағылшын тілі сабағында цифрлық ресурстарды тиімді қолдану бойынша  шолу жасалды.

«IDP IELTS Kazakhstan» ЖШС директоры Липинская Алла IELTS ақпараттық сессия өткізді, «Болашақ» бағдарламасы аясында біліктілікті арттыру мүмкіндіктері туралы айтты.

Семинар жұмысына 50 ағылшын тілі мұғалімі қатысты. Кері байланыс барысында қатысушылар пікір алмасты. Мұғалімдерге сертификаттар берілді.

Семинар модераторы ресурстық орталықтың жетекшісі Асанова М.И.