Өскемен қаласының «Аблакетка» шағын ауданындағы 140 орындық балабақша ғимаратын нысаналы мақсатқа қайтару туралы

Шығыс Қазақстан облысында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамту қамтамасыз етілді, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 97,8% - ға жетті. Қазір өңір алдында 2025 жылға қарай 2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтуды қамтамасыз ету міндеті тұр.
Осы мақсатта қадамдық жоспар әзірленді, оған сәйкес 2025 жылға дейін қосымша 2997 жаңа орын ашу, сондай-ақ бұрынғы балабақшалар ғимараттарын нысаналы мақсатқа қайтару жоспарланды.
Жыл басынан бері Өскемен қаласында Челюскин көшесі, 17/1 мекенжайы бойынша 140 орындық балабақша ғимараты нысаналы мақсатқа қайтарылды. Аблакетка шағын ауданында мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ашылуы өз ауданында балабақшаның пайда болуын асыға күткен жергілікті тұрғындар үшін нағыз сыйлық болды.
"Балауса" деп аталатын балабақша 55 баланы қабылдады. Мектепке дейінгі мекемеде мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын алты топ жұмыс істейді, баланың көпжақты дамуына барлық жағдай жасалған. Топтық бөлмелер, сондай-ақ музыкалық және дене шынықтыру залдары, асхана қажетті жабдықтармен жабдықталған.