«Мектепте жайлы психологиялық, қауіпсіз білім беру ортасын құру: оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқын және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» облыстық семинар-практикумы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы көктемгі демалыс мектебінің іс-шаралар жоспары аясында 2023 жылдың 24 наурызында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің психологиялық қызметке жетекші әдіскерлері мен білім беру ұйымдарының педагог-психологтері үшін «Мектепте жайлы психологиялық, қауіпсіз білім беру ортасын құру: оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқын және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» семинар-практикумын өткізді.
Семинар практикум барысында:
Өскемен қаласының оқушылар шығармашылық сарайының әлеуметтік-психологиялық қызметінің педагог-психологі Г.А. Нурхатова мен әлеуметтік педагогі Д.Т. Токтамыс «Мектепте жайлы психологиялық, қауіпсіз білім беру ортасын құру: оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқын және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу»;
Өскемен қаласының оқушылар шығармашылық сарайының әлеуметтік-психологиялық қызметінің педагог-психологі О.П. Кельметр «Особенности консультирования при оказании помощи несовершеннолетним с суицидальным риском: возникновение причин суицдальгого риска»;
Өскемен қаласының оқушылар шығармашылық сарайының әлеуметтік-психологиялық қызметінің педагог-психологі А.А Челнокова «Особенности консультирования при оказании помощи не совершеннолетним ссуицидальным риском: практика работы с несовершеннолетними с суицидальным риском»;
Өскемен қаласының «№37 көпсалалы орта мектебі» КММ педагог-психологі А. С. Боровикова «Роль педагога-психолога в профилактике половой неприкосновенности среди участников образовательного процесса»
тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері А.К. Кубентаева мен Өскемен қаласының «№37 көпсалалы орта мектебі» КММ педагог-психологі А.Д. Зейнолдина білім беру ұйымдарында педагог-психологтердің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарға тоқталды.
Шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді, өз тәжірибелерімен бөлісіп, өткізілген семинар-практикумның өзектілігін атап өтті.
Аталған іс-шараға 100-ден аса педагог қатысып, әдістемелік ұсынымдар алды.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО психолог-әдіскері Кубентаева Ардак Курмангазиновна.