«Skills for geeks» чемпионатының өткізілу қорытындысы, Шемонаиха ауданы

2023 жылғы 27 ақпанда Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы аясында «Октябрь жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені» КММ базасында «SKILLS FOR GEEKS» 3Д модельдеу, бағдарламалау және спорттық робототехника бойынша аудандық чемпионаты өтті.
Аталған іс-шараға ауданның 23 жалпы білім беретін мектептерінің 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Чемпионаттың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша қатысушылар облыстық чемпионатқа жолдама алды және грамоталармен марапатталды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!