Жаңа мектептер салу және материалдық-техникалық базаны нығайту туралы

Жаңа мектептер салу және материалдық-техникалық базаны нығайту туралы

Ақ түйенің қарны ақтарылған күн!Ақпан айының 24 күні Күршім ауданынан шалғайда орналасқан Марқакөл көлінің етегінде орналасқан Урунхайка ауылында бой түзеген жаңа мектеп ашылып,қолданысқа берілді.Аудан әкімі А.Ақышов жиналған жұртшылықты құттықтап,облыс әкімі Д.Ахметовтың жылы лебізін жеткізді.Ауылдың сыйлы азаматтары облыс әкіміне,Президентке алғыстарын білдірді,яғни жүрекжарды ықыластарын білдіріп,жаңа ғимараттың лентасын қиып,шашуларын шашты. "СМУ Шығыс" ЖШС директоры Қ.Абжанов мектеп директорына кілт табыстап,сәттілік тіледі. Оқушылар оркестрде ойнап,ән шырқап жүздерінен қуаныш көрініп,жаңа мектепте жақсы білім алып шығатындарына сенім білдірді.Шаңғы спорт түрінен үнемі жүлделі орын алып жүрген 20 ға жуық спорт шеберіне үміткер шәкірттер әлемді бағындыруға сенімді. Ширек ғасыр шешуі табылмаған мәселенің шешімін тауып,шекарааймақта орналасқан ауылға аса мән беріп,жаңа мектептің салынып, уақтылы қолданысқа берілуіне ықпал еткен облыс әкіміне ауыл тұрғындары,оқушылар зор алғыс айтуда.