Глубокое ауданының дарынды баласы

Глубокое ауданының дарынды баласы

2023 жылдың 2 наурызында ШҚО білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі» КММ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 4 «А» сынып оқушысы Пазылбекұлы Ералының «Ералының ертегілері» атты алғашқы кітабының тұсаукесері өтті.

Ералы-мектептің ең дарынды оқушыларының бірі. ««SUPER балақай» жобасының қатысушысы. Мектептегі іс-шаралардың бірі де Ералының қатысуынсыз өтпейді. Ол ертегілерді жазып қана қоймай, заманауи әндерді де орындайды.

Тұсаукесер жоғары деңгейде өтті. Мектеп оқушылары мен педагогтері, ата-аналар жас таланттың дарынына таңданып, Ералыға шығармашылық табыс тіледі.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш оқыту кабинетінің меңгерушісі Д.А. Какетаева Ералының ата-анасы Файздрахманов Пазылбек Жүсіпбекұлы мен Зұлқаршын Гүлнұрға дарынды баланы тәрбиелегендері үшін Алғыс хат, жас талантқа естелік сыйлық табыс етті және «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асырудағы жұмыстары үшін Д. Қонаев атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымына алғысын білдірді.

Жас талантқа шығармашылық табыс тілейміз!