«Тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің өзгеруі: құндылықтар және жаһандық әлем» облыстық ғылыми-практикалық семинары

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті 2023 жылғы 22 ақпанда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ ШҚО бойынша кәсіби даму институтымен бірлесіп ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамына, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, педагог-ұйымдастырушыларға, тәлімгерлерге, сынып жетекшілерге, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған «Тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің өзгеруі: құндылықтар және жаһандық әлем» атты облыстық ғылыми-практикалық семинарын өткізді.
Ғылыми-практикалық семинардың мақсаты – бай рухани және әлеуметтік, адамгершілік, инновациялық, шығармашылық ойлауы, жетілген дүниетанымдық мәдениеті бар тұлғаны қалыптастыру бойынша жұмысты жандандыру.
Іс-шара барысында:
Картаева Айжан Маратбековна, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры «Абайдың «Толық адам ілімі»-ұлттың құндылықтың негізі»;
Каленова Аксана Александровна, Шығыс Қазақстан облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, «Альтернатива «Шығыс Қазақстан медиация және құқықтар орталығы» ҚБ Басқарма төрағасы, С. Аманжолов атындағы ШҚУ құқықтану кафедрасының сениор-лекторы «Защита прав детей - главная ценность»;
Шакаримова Куралай Калымкожановна, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің педагогика ғылымдарының магистрі, педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының сениор-лекторы «Жаһандық әлемдегі тұлға. Құндылықтар, шындық, болашақ»;
Снегирева Елена Евгеньевна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№26 орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты «Связь поколений: традиции,опыт и реалии»;
Садуақасов Ертісбек Қайырбайұлы, педагог-психолог, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 46 орта мектебі» КММ «Әкелер мектебінің» жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР әкелер мектебінің негізін қалаушы «Жеке тұлғаға ұлтық құндылықтар арқылы тәрбие беру»;
Щеглов Сергей Геннадьевич, «Өрлеу» кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты АҚ ШҚО бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы «Музейная педагогика как средство духовно-нравственного воспитания учащихся»;
Алимсаева Айжан Толеуханкызы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 24 орта мектебі» КММ қазақ тілі мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі «Адам болмысының ноогендік қыры және оның салдары» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараға барлығы 150 адам қатысты, оның ішінде офлайн форматта 70 және ZOOM платформасы арқылы 80 адам.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, өткізіліп жатқан семинардың өзектілігін атап өтті.
Модератор: педагогика ғылымдарының докторы, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры Игибаева Айнагүл Құрмашқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы кабинетінің әдіскері Задаев О.Т.