Жас педагогтерге арналған «Мұғалімнің тәжірибесін зерттеу: Lesson study» кезекті онлайн- кездесу

2023 жылдың 22 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы мен «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Өскемен қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен жылдық жоспарға сәйкес үш жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар жас педагогтерге арналған «Мұғалімнің тәжірибесін зерттеу: Lesson study.» тақырыпта кезекті онлайн-кездесу өткізілді.
Кездесу мақсаты - Lesson study тәсілінің ерекшеліктері. Оқудағы проблеманы қалай анықтау және зерттеу сұрағын қою жайлы талқылау, әдістемелік көмек көрсету.
Кездесу барысында Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері – Д. Адилжанова, Қ.Қабдрахманова Е.А.Марченко мұғалім тәжірибесінде сабақты зерттеу, оның түрлері, Lesson study үдерісі, зерттеу сұрағын анықтау, оны шешу жолдары әдістерін талқылады.
Кездесу аясында қатысушылар топқа бөлініп, зерттеу проблемасын анықтау бойынша практикалық тапсырма орындады. Зерттеу сұрағына жауап беру бойынша пікір алмасты.
Шараға облыстың білім беру ұйымдарынан қатысқан 400-ден аса жас маман өздерінің кәсіби дамуына қажетті сұрақтар бойынша көптеген тың мәліметтер алып, өзекті мәселелерді талдауда белсенділік танытты.
Кездесу соңында қатысушыларға тақырып бойынша пайдалы кеңестер беріліп, кері байланыста жас педагогтер алған білімдерін тәжірибеде қолданатындарын атап, ризашылықтарын білдірді.
Жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатындағы кезекті кездесу ағымдағы жылдың наурыз айында онлайн форматта жалғасын табады.